Қазақстандық боксшы әлем чемпионатында сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда Әбікеева түркиялық Лёк Эсманурмен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Үшінші раундта оның қарсыласы нокдаунға түсті.
Еске сала кетейік, Аида Әбікеева 2024 жылдың желтоқсанында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или