Назым Қызайбай әлем чемпионатында жекпе-жекті нокаутпен аяқтады

Назым Қызайбай әлем чемпионатында жекпе-жекті нокаутпен аяқтады

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/4 финалда Қызайбай Венесуэла өкілі Тайонис Седеньомен кездесіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Назым Қызайбай – 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016) және 2021 жылғы Азия чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или