Жібек Құламбаева Мажарстандағы турнирдің ширек финалына шықты

Жібек Құламбаева Мажарстандағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 322-ракеткасы Жібек Құламбаева Секешфехервар (Мажарстан) ITF W75 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 335-орында тұрған түркиялық Чала Бюйюкакчаймен бетпе-бет келді.

Жібек 7:5, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті.

Ол екі сағат 18 минутқа созылған тартысты матчта 6, қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті.

Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 219-ракеткасы, украиналық Анастасия Соболевамен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 334-ракеткасы Зарина Дияс Тыргу-Муреш (Румыния) ITF W75 турнирінің екінші айналымында рейтингіде 331-сатыдағы италиялық Камилла Розателлоға 2:6, 6:1, 0:6 есебімен есе жіберіп, ширек финалдан тыс қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или