Фристайл-акробатикадан Италияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне екі қазақстандық спортшы қатысады

Фристайл-акробатикадан Италияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне екі қазақстандық спортшы қатысады


13 наурызда Италияның Ливиньо қаласында фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі басталады.

Халықаралық турнирде Қазақстан құрамасынан екі спортшы сынға түседі. Ерлер арасындағы жарысқа Дінмұхаммед Райымқұлов қатысады. Әйелдер арасында Аяна Жолдас медаль үшін күреседі.

Айта кетейік, бұған дейін могулшылар өз өнерін көрсетіп, Анастасия Городко төртінші орын иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или