Ғалымжан Кенжебектің командасы Словакия кубогының жартылай финалына шыға алмады

Ғалымжан Кенжебектің командасы Словакия кубогының жартылай финалына шыға алмады

Словакия Кубогының ширек финалындағы өз алаңында өткен матчта «Кошице» братиславалық «Слованнан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кошице» командасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек 75-минутта алаңға шықты. Осылайша қазақстандықтың командасы Словакия кубогының жартылай финалына шыға алмады

Айта кетейік, бұл матчтағы голды «Астана» мен «Қайсар» клубының бұрынғы ойыншысы Тигран Барсегян соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или