Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде медальға бір қадам жетпей қалды

Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Италияның Ливиньо қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде кіші финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшы параллельді могулда медальға бір қадам жетпей қалды.
Қола медаль үшін өткен жарыста Городко Олимпиада чемпионы, француз Перрин Лаффонмен бақ сынады. Жеңіс Лаффонға бұйырып, қазақстандық спортшы жарысты төртінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, жарыстың бастапқы кезеңінде Юлия Галышева мен Павел Колмаков сайыстан шығып қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или