Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінің 1/8 финалына шықты

Италияның Ливиньо қаласында фристайлдан әлем кубогы кезеңінде параллельді могул бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы жарыста Анастасия Городко 1/8 финалға шықты. Бастапқы кезеңде ол жапониялық Юма Тагучиден басым түсті.
Ал Юлия Галышева жарыста жеңіліп қалды. Ол Олимпиаданың қола жүлдегері француз спортшысы Камилла Кабролға жол берді.
Айта кетейік, ерлер арасында Қазақстан намысын Павел Колмаков қорғайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или