Қазақстан ұлттық құрамасының наурызда өтетін матчтарған арналған нақты тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасының Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы матчтарға шақырылған нақты құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нақты тізімге 32 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны бүгін Түркияның Анталия қаласында басталды.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков (екеуі де – «Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Дулат Талыспаев («Кеге», Дания);
Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Мәди Хасейн («Жеңіс»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Серікжан Мужиков («Елімай»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Давид Есімбеков («Жетісу»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Астана»);
Айта кетейік, шет елде өнер көрсететін ойыншылар ұлттық құрама сапына 17 наурызда қосылады.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы наурыз айында 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі ойын өткізеді. 22 наурызда Уэльс, ал екі күннен соң Лихтенштеймен матч болады.