Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің 1/8 финалына өтті

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің 1/8 финалына өтті

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA әлемдік рейтингінде 7-ші) Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирде жекелей сында екінші кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол үшінші раундта британдық Кэти Боултермен (38-орын) кездесіп, екі сетте жеңіске жетті - 6:0, 7:5.

Осылайша Рыбакина 1/8 финалға шықты.

Еске салайық, турнир басында Елена голландиялық Сюзан Ламенсті (рейтингте 64-орын) сенімді түрде жеңген болатын - 6:3, 6:3.

Турнирдің 2025 жылғы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды. Жеңімпаз 1 124 380 доллар мен 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или