Бокс. Қазақстандық WBA чемпионы Жапонияға аттанды
WBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы қазақстандық Елшат Нығметолла келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін Жапонияға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жуырда Елшат «Irfin Promotions» компаниясымен екі жылға есептелген және 2027 жылға дейін созылатын келісімшартқа отырды. Серіктестік жеңіл салмақ дәрежесінде төрт беделді ұйымның бірінің әлем чемпионы атағын жеңіп алуды мақсат етеді.
Айта кетейік, қазақстандық кәсіпқой 22 жекпе-жек өткізіп, оның 21-інде жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түскен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или