ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы боксшыларының қарсыластары белгілі болды
Бүгін Сербияның Ниш қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
Жеребе нәтижесінде қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің қарсыластары анықталды. Олардың жекпе-жекті жарыстың қай сатысынан бастайтыны белгілі болды.
Әлем чемпионатында 9-13 наурыз аралығында іріктеу айналымы өтсе, жартылай финал 14 наурызға белгіленген. Финал 16 наурызда болады.
Барлық салмақтағы жеребе нәтижесі:
48 келі. 1/8 финал: Назым Қызайбай — Николь Дурикова (Словакия);
50 келі 1/16 финал: Алуа Балқыбекова — Нзива (Кения);
52 келі. 1/16 финал: Анита Адишева — Патино Хуарез (Мексика);
54 келі. 1/16 финал: Жайна Шекербекова — Бекера Монтесинос (Колумбия);
57 келі. 1/8 финал: Карина Ибрагимова — қарсыласы 1/16 финалдан кейін анықталады
60 келі. 1/8 финал: Виктория Графеева — София Легаки (Греция);
63 келі. 1/8 финал: Аида Әбікеева — қарсыласы 1/16 финалдан кейін анықталады
66 келі. 1/8 финал: Жасмин Қизатова — Ивануса Морейра (Кабо-Верде);
70 келі. 1/8 финал: Наталья Богданова — Мас Мартинез (Испания);
75 келі. 1/8 финал: Надежда Рябец — Корома (Сьерра-Леоне);
81 келі. 1/8 финал: Гүлсая Ержан — Янг (Қытай);
81 келі. 1/8 финал: Елдана Талипова — Олтин Сотимбаева (Өзбекстан).
Еске салсақ, халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылғы әлем чемпионатының ақшалай жүлдесін жариялады.