Қазақстандық боксшылар WBC және Турки Әл аш-Шейхтың алғашқы Гран-приінде өнер көрсетеді
Үш қазақстандық боксшы WBC және Турки Әл аш-Шейхтың алғашқы Гран-приінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Adal Promotions промоутерлік компаниясы хабарлағандай, Гран-приге қатысуға Жолдас Жеңісов (7-0, 3 КО), Нұрқанат Райыс (1-0, 0 КО) және Санатәлі Төлтаев (2-0, 1 КО) іріктеліп алынды.
WBC Гран-приі мен Riyadh Season ерекше турнир ретінде жоспарланған, оның аясында 41 елден 128 боксшы төрт салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Бес бокс кешіне бөлінген турнир Сауд Арабиясында өтеді.
Сонымен қатар, тең нәтиже болмайды – барлық жекпе-жектер бір боксшының жеңісімен аяқталады.
Дереккөз: Qazsporttv.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или