Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирді аяқтады

Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирді аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко (АТР рейтингінде 98-орын) Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирдің жекелей сынында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шевченко бірінші раундта жапондық Ринки Хиджикатамен (81-орын) кездесіп, бұл кездесуде фаворит саналғанымен, екі сетте жеңіліп қалды – 1:6, 3:6.

Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.

Осылайша, Александр жекелей турнирдегі өнерін аяқтады.

Индиан-Уэллс турнирінің биылғы жүлде қоры 13 042 410 долларды құрайды. Байқау жеңімпазы 1 201 125 доллар жинап, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или