Юлия Путинцева АҚШ-тағы жарысты сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жұптық сында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Путинцева мен дат ойыншысы Клара Таусон бірінші айналымда Макото Ниномия (Жапония)/ Сара Соррибес Тормо (Испания) жұбымен кездесіп, қарсыластарын үш сетте – 6:0, 4:6, 10:5 есебімен жеңді. Осылайша қазақстандық және оның серіктесі келесі кезеңге өтті.
Биылғы Индиан Уэллс турнирінің жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды. Жұптық сайыстардың жеңімпаздары әрқайсысы 457 150 доллардан, сондай-ақ 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Турнирдің қазіргі чемпиондары - Тайвань теннисшісі Си Шувей мен бельгиялық Элиз Мертенс. Юлия Путинцеваға келсек, ол жеке және жұптық сында Қазақстанның екінші ракеткасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или