Скатов бір күнде екі матчта жеңіліп, Грекияда өтіп жатқан турнирдегі өнерін аяқтады
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Грекияның Херсониссос қаласында өтіп жатқан турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір күн ішінде Скатов екі кездесуде жеңіліп қалды. Алдымен, ол жекелей сынның 1/8 финалында австриялық Деннис Новакқа 4:6, 6:3, 3:6 есебімен жол берді. Кейін жұптық сынның ширек финалында болгариялық теннисші Димитар Кузмановпен жұптасып, литвалық Эдас Бутвилас пен Ричардас Беранкиске 6:7, 3:6 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Скатов турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
Айта кетейік, Херсониссостағы турнирдің жүлде қоры 54 000 еуроны құрайды. Турнир жеңімпазы 7 530 еуро мен 50 ұпай иеленеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или