Индиан-Уэллс турнирі: Бублик әлемнің 349-ракеткасынан жеңіліп қалды

Индиан-Уэллс турнирі: Бублик әлемнің 349-ракеткасынан жеңіліп қалды


Қазақстанның бірінші, әлемнің 82-ракеткасы Александр Бублик Индиан-Уэллс (АҚШ) мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады. 

Өткен жылы әлемдік рейтингіде 17-орынға дейін көтерілген Бубликтің кейінгі кезде ойыны әбден қожырап кетті.

Бұл жолы ол жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған дүниежүзілік рейтингіде небәрі 349-орында тұрған жапониялық Йосуке Ватанукиге есе жіберді — 3:6, 6:3, 3:6.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или