Жәнібек Әлімханұлы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Жәнібек Әлімханұлы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

«Менің салмағымдағы біраз боксшылармен спарринг өткіздім, ешқандай қиындық жоқ. Олармен кездесіп жатсақ, рингте ұру керек. Мені таң қалдыратын қарсыластар — бұл келесі салмақ дәрежесіндегі Канело мен Дэвид Бенавидес. Қалғандарымен қазір-ақ шық десе, дайынмын», — деді Әлімханұлы.

Сонымен қатар, Жәнібек өзге боксшылар онымен кездесуге неге бас тартынын түсіндірді.

«Негізі боксшы боксшыдан қорықпайды. Қарсыластар Qazaq style-дан қорқады. Біздің жұдырықтасу стиліміз олар үшін өте ыңғайсыз болып, мың ойландырып, мың толғандыратын дүние деп ойлаймын»

Дереккөз: Sport+ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или