Ұлттық құрама бапкері Қайрат Сәтжанов алдағы жоспарлармен бөлісті

Ұлттық құрама бапкері Қайрат Сәтжанов алдағы жоспарлармен бөлісті

Жақында ғана бокстан Болгарияның София қаласында өткен «Странджа» кубогы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы турнирден кейін ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарысты қорытындылап, алдағы дайындықтар мен ұлттық құраманың жоспары туралы айтып берді.

«20 наурыздан бастап Ресейдің Кисловодск қаласында біріккен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бұл жиынға Ресейдің, Өзбекстанның, Әзірбайжанның, Беларусьтың 1-2 нөмірлі боксшылары қатысады. Бір құрамамыз Бразилияда өтетін Әлем кубогына аттанады. Одан бөлек тағы бір құрамамыз Әзірбайжан мен Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Кейіннен 10-16 сәуір аралығында "Жібек жолы" атты ірі халықаралық турнирде өнер көрсетеді.

Сондай-ақ 13-27 наурыз аралығында Жапония мен Корея мемлекеттерінің қатысуымен жаттығу жиыны өтеді. Ал Ресейде дайындалып жатқан спортшылар Хабаровскіде өтетін жарысқа қатысады»,- деді Қайрат Сәтжанов.

Айта кетейік, «Странджа» кубогында Қазақстан ерлер құрамасы 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған еді. Осылайша ұлттық құрама өз рекордын жаңартып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді.

Бұған дейін 2022 жылы өткен «Странджа» турнирінде отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или