Погба Қазақстан құрамасы көшбасшысының клубына ауысудан бас тартты
«Зенит» өткен қыста жартылай қорғаушы Поль Погбаның өкілдерімен байланысып, жалақы бойынша шарттар ұсынған, бірақ келіссөздер алға жылжымаған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Спорт-экспресс» басылымына сілтеме жасап.
Допингке байланысты шеттетуін өтеп жатқан 31 жастағы француз футболшысы «Ювентуспен» келісімшартты бұзғаннан кейін еркін агент атанды. Оның шеттетілу мерзімі 10 наурызда аяқталады.
Погба сондай-ақ «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсеткен. Франция құрамасында 91 матч өткізіп, 11 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или