Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері «Оқжетпес» дублін басқарды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері «Оқжетпес» дублін басқарды

Қазақстандық маман Марат Еслямов «Оқжетпес» жастар командасының аға бапкері атанды, деп хабарлайды Prosport.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бұған дейін «Оқжетпес» негізгі командасының, Қазақстан құрамасының және «Ақсу» клубының бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ Еслямов «Ақсу», «Ұлытау» және Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының бас бапкері болған.

Футболшы ретінде «Намыс», «Қайрат ЦСКА», «Ақмола», «Есіл» және «Химик» клубтарында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или