Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнир туралы пікір білдірді
Әлемнің жетінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнир туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир бүгін, 5 наурызда басталады.
«Корттардың айтарлықтай жылдамдағанын сезген жоқпын, бірақ доптың серпілуі сәл төмен екенін байқадым. Соңғы бірнеше күн өте желді болып, күн жарқырап тұрды, сондықтан серпіліс сәл өзгеше. Бірақ менің ойымша, корт әлі де жақсы.
Мұнда оралғаным керемет. Соңғы екі жылда үлкен тәжірибе жинадым. Мұнда уақыт өткізген маған өте ұнайды. Өте тыныш жер, ғажайып көріністер, сондай-ақ жанкүйерлер де өте жайлы. Сондықтан бұл шын мәнінде тамаша турнир», – деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или