Қазақстандық жас теннисші Еуропа рейтингінде 8-орынға көтерілді
Tennis Europe (TE) ұйымы 14 жасқа дейінгілер арасында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші, 13 жастағы Ахмади Маханов 8-орынға көтерілді.Жуырда Стокгольмде Швеция королінің кубогы үшін өткен супер турнирде жеңімпаз атанған Маханов бірден 7 сатыға жоғарылады.
Ахмади сонымен қатар Монте-Карлода күзде өтетін жылдың қорытынды турниріне қатысу үшін чемпиондық кестеде де көрсеткішін жақсартты. Ол мұнда 7-орында тұр. Tennis Europe рейтингісінде сондай-ақ Хақназар Жеткербай — 23, Әмір Асқар — 69, Әмина Нұрмахан — 83, Тамина Сәкен 95-сатыға жайғасты. Аңсар Ниетқалиев 16 жасқа дейінгілер арасында 83-орында келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или