Елена Рыбакина Eisenhower Cup турнирінде 9 минутта жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өткен «Эйзенхауэр кубогында» топ жарды. Бұл турнир WTA 1000 жарыстарының алдында өтетін дәстүрлі жарыс.
Рыбакина Тейлор Фрицпен жұптасып, Даниил Медведев пен Аманда Анисимованы 10:4 есебімен жеңді. Кездесу бар болғаны 9 минут созылды. Медведев пен Анисимова бастапқыда турнирге қатыспауы керек еді. Олар жарақат алған Стефанос Циципас пен Паула Бадосаның орнына шықты.
Бастапқыда Фрицпен жұп құруы тиіс теннисші – әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко болатын. Алайда оның орнына Рыбакина қатысып, турнир жеңімпазы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или