Индиан-Уэллс турнирі: Қазақстандық теннисшілердің қарсыласы анықталды
5 наурызда Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) басталатын WTA-1000 турнирінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина тордың төменгі бөлігінде өнер көрсетеді.
Жоғары дәрежелі теннисші ретінде Лена (7-ші орын) бірінші раундтан босатылады.
Ал екінші айналымда Рыбакина чехиялық Мари Буузкова мен голландиялық Сюзанна Ламенс арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Әйелдер құрамасының екінші нөмірі Юлия Путинцева да (21-ші) екінші айналымнан бастайды. Ол Катарзина Синьяковамен (Чехия) немесе іріктеуден шыққан теннисшімен матч өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или