Бұрынғы ҚФФ президенті бюджет қаражатын жымқыру ісіне қатысты тергеуге алынды

Бұрынғы ҚФФ президенті бюджет қаражатын жымқыру ісіне қатысты тергеуге алынды

Бұрынғы Қазақстан футбол федерациясының (КФФ) президенті Әділет Барменқұлов бюджет қаражатын жымқыру ісіне қатысты тергеуге алынды, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі ресми мәлімдеді.

«БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрығы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, – делінген ақпаратта.

Қаржы мониторингі агенттігі Барменқұлов пен ҚФФ-нің бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу амалдарын жүргізіп, тінту шараларын өткізуде.

Барменқұлов 2021-2024 жылдары ҚФФ-ны басқарған. Айта кетейік, 2024 жылдың 8 қарашасында Бәрменқұлов президенттіктен кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или