Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы Мәскеуде дайындалуда

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы Мәскеуде дайындалуда

Қыздар боксынан Сербияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық құрама Мәскеуде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz

Құрама сапында Париж Олимпиадасыныңс қола жүлдегері Назым Қызайбай да бар.

Дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бұл туралы Назымның жеке бапкері Долкунжан Камеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Ұлттық құрама Мәскеуде оқу-жаттығу жиынында дайындық жүргізіп жатыр. Бұл жиында еліміздің үздік боксшылары Сербияның Ниш қаласында өтетін аса маңызды әрі жауапты жарысқа дайындығын пысықтауда. Барлық спортшылардың жеңіске деген құлшынысы жоғары. Жанкүйерлердің ерекше назарында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай болады деп ойлаймын. Париж Олимпиадасынан кейін Назым алдына жаңа мақсат қойды. Ол – Қазақстан тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы болу», – деп атап өтті боксшының жеке бапкері Долкунжан Камеков.

8-16 наурыз күндері Сербияның Ниш қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасының боксшылары бұған дейін мәлім болған еді. Олардың қатарында, Назымнан бөлек, Алуа Балқыбекова, Анита Адишева, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Виктория Графеева, Аида Абикеева, Жасмин Кизатова, Наталья Богданова, Надежда Рябец, Гүлсая Ержан, Елдана Тәліпова сынды бұрымды боксшылар бар.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или