Биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының масс-старттағы нәтижелері

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында масс-старт жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Әйелдер арасында Қазақстанның намысын Мария Польдяева қорғады. Ол 60 спортшының ішінде 20-орынға ие болды.
Чемпион атағын швед спортшысы Сара Андерсон жеңіп алды. Күміс жүлдені франциялық Анаэль Бондю иеленсе, қола жүлде украиналық Олександра Меркушинаға бұйырды.
Ерлер арасында Егор Гребенщиков 47-орынға, ал Владимир Конивец 58-орынға тұрақтады.
Жарысқорытындысы бойынша норвегиялық Каспер Калькенберг жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені финляндиялық Джимми Клеметтинен, ал қола медальді чехиялық Пётр Хак еншіледі.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или