Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев словакиялық Лукас Покорныймен бірге, Тьенвилльдегі (Франция) Челленджер турнирінің жұптық сынында ширек финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Евсеев пен Покорный франциялық Саша Гаймар-Вайенбург пен Люка ван Ашеммен кездесіп, оларды екі сетте – 6:3, 7:6 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.
Тьенвиллдегі турнирдің жүлде қоры 91 250 еуро. Жарыс жеңімпазы 12 980 еуро жинап, 75 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или