«Оқжетпес» қорғаушысы «Каспий» сапына ауысады

«Оқжетпес» қорғаушысы «Каспий» сапына ауысады

27 жастағы қазақстандық қорғаушы Виктор Зябко карьерасын ақтаулық «Каспийде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Зябко – көкшетаулық футбол мектебінің түлегі. Ол туған клубы «Оқжетпес» сапында 2015-2018 және 2024 жылдары ойнаған.

Сондай-ақ қорғаушының мансабында СДЮСШОР №8, «Игилик», «Жетісу Б», «Яссы» және «Қызылжар» клубтары болған.

Бұған дейін «Каспий» құрамын «Тараздың» бұрынғы ойыншысы Берік Айтбаевтың толықтыратыны хабарланған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или