Қазақстандық жас теннисші Швеция королінің кубогын жеңіп алды
Қазақстандық теннисші Ахмади Мақанов Швеция астанасы Стокгольмде өткен 14 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы Tennis Europe 14&U Kungens Kanna & Drottningens Pris турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Ахмади Мақанов ширек финалда Tennis Europe рейтингінде 2-орында тұрған грекиялық Рафаэль Пагонисті 6:4, 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына шыққан.
Жартылай финалда отандасымыз рейтингте 4-орында тұрған украиналық Юрий Столяровты 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Ал, финалда француз Самуэль Дакансені 6:2, 6:7, 6:3 есебімен жеңіп, Швеция королінің кубогын жеңіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін 2015 жылы тағы бір жерлесіміз, Тимофей Скатов дәл осы турнирде жеңіске жеткен болатын.