Төрехан Сабырхан «Странджа» кубогының финалында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Софияда өткен (Болгария) «Странджа» кубогының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
67 келі салмақта финалдық жекпе-жекте Сабырхан әзербайжандық Заур Гахрамановқа қарсы шықты. Төрехан Сабырхан төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, Қазақстанға жарыстағы екінші алтын медалін әкелді.
Айта кетейік, Төрехан төрт рет жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионы атанған тұңғыш боксшы ретінде тарихта қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или