Қазақстан «Странджа» кубогындағы үшінші алтын медальді жеңіп алды

Қазақстан «Странджа»  кубогындағы үшінші алтын медальді жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Дина Исламбекова мен Ләззат Күнгейбаева Софияда (Болгария) өтіп жатқан «Странджа» кубогының финалында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Исламбекова мен Күнгейбаева 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде алтынға таласты. Бұл жекпе-жекте 5:0 есебі тіркеліп, төрешілер шешімімен Ләззат Күнгейбаева жеңіске жетті. Осылайша ол алтыннан алқа тағынса, Дина Исламбекова турнирді күміс жүлдегер ретінде аяқтады.

Айта кетейік, бұл Қазақстанның «Странджа»кубогындағы үшінші алтыны, бірақ бұған дейінгі жүлделер жекпе-жексіз ұтып алған болатын: ерлер арасында Сабыржан Аққалықов (75 келі) пен Бекзат Нұрдәулетов (86 келі) мерзімінен бұрын өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или