Рамазан Оразовтың командасы сырт алаңда жеңіске жетті

Рамазан Оразовтың командасы сырт алаңда жеңіске жетті

Футболдан Дания чемпионатының 20-турында «Силкеборг» сырт алаңда «Сённерьюскпен» ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде 1:3 есебімен «Силькеборг» жеңіске жетті.

«Силкеборгтың» жартылай қорғаушысы қазақстандық Рамазан Оразов 90+3 минутта алаңға шығып, 90+7 минутта гол соқты.

Осылайша, 20 матчтан кейін «Силкеборг» 32 ұпай жинап, Дания Суперлигасының турнирлік кестесінде алтыншы орында келеді. 16 ұпайы бар «Сённерьюск» 10-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или