Теміртас Жүсіпов «Странджа кубогы» финалына өте алмады

Теміртас Жүсіпов «Странджа кубогы» финалына өте алмады


Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогы», яғни «шағын әлем чемпионаты» жалғасуда.

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов 48 кг салмақ дәрежесінде жартылай финалда болгариялық Эргүнал Сабримен қолғап түйістіріп, қарсыласына төрешілер шешімімен жол берді.

Үш раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде жеңіс жергілікті спортшының еншісінде қалды.

Айта кетерлігі, 37 жастағы Тассуат тумасы Теміртас Жүсіповәлем чемпионы, Азия чемпионы және әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или