Геннадий Головкин 2016 жылы үш жекпе-жек өткізбек

Орта салмақта IBF/IBO/WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының келесі жылы қанша кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

«2016 жылы Геннадий үш жекпе-жек өткізеді деп жоспарлап отырмыз. Ол бокстан әлем чемпиондары арасында ең белсендісі болып табылады», - деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин 2015 жылы үш кездесу өткізген болатын. Қазақстандық кәсіпқой боксшы биыл британиялық Мартин Мюррей, америкалық кіші Вилли Монро және канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасып, үш жекпе-жекте де нокаутпен жеңіске жетті. Головкин жалпы алғанда кәсіпқой бокста 34 кездесу өткізіп, оның 31-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или