«Оқжетпес» сапына сербиялық жартылай қорғаушы қосылды

«Оқжетпес» сапына сербиялық жартылай қорғаушы қосылды

Көкшетаулық «Оқжетпес» 25 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Страхиния Йовановичті қатарына қосқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Страхиния Йованович – «Оқжетпес» футбол клубының ойыншысы!

Сербиялық жартылай қорғаушы «Оқжетпес» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды.

Страхиния – 25 жаста. Серия футболының, атап айтқанда «Партизан» клубының түлегі. Ол өткен маусымды Босния және Герцеговина премьер-лигасында өнер көрсететін «Радник Биелина» командасында өткізді», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или