Рой Джонс тарихтағы ең үздік бес боксшыны атады

Рой Джонс тарихтағы ең үздік бес боксшыны атады

Бес салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, аты аңызға айналған кіші Рой Джонс тарихтағы ең үздік 5 боксшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тарихтағы ең үздік 5 боксшының рейтингін жасау өте қиын. Біріншісі Мұхаммед Али болады. Содан кейін, әрине, мен және Майк Тайсон. Сосын Шугар Рэй Робинсон мен Насим Хамедті айтуға болады», - деді Джонс Rukh Entertainment YouTube арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Рой Джонс 1989 жылдан 2018 жылға дейін кәсіпқой деңгейде өнер көрсеткен. Америкалық кәсіпқой рекордында 66 жеңісі бар, оның 47-сі мерзімінен бұрын, 10-ында жеңіліс тапқан. Ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или