«Ақтөбе» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Ақтөбе» ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Ақтөбе» 26 жастағы қазақстандық қорғаушы Әлібек Қасыммен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін ұзартылды. Қасым Алматы «Қайратының» түлегі. Ол қызыл-ақтардың сапына 2022 жылы қосылған. «Ақтөбе» сапында барлығы 85 матч өткізіп, 18 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или