«Атырау» футболшысы тәжікстандық клуб сапында өнер көрсетеді
Тәжікстан құрамасының қорғаушысы Фахриддин Ахтамов «Атыраудан» тәжікстандық «Худжанд» клубында жалда өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша, Ахтамов қатарынан үшінші маусымды «Худжанд» сапында өткізеді. Алайда футболшы екінші жыл қатарынан оқу-жаттығу жиындарын «Атыраумен» бірге өткізіп келеді.
Еске сала кетейік, «Атырау» Фахриддинді былтыр жылдың басында қатарына қосып, бірден «Худжандқа» жалға берген болатын. Тәжікстандық футболшының «Атыраумен» келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или