Қанат Ислам: «Алматы мен Астанада бокс кешін өткізу ойым бар»

Қанат Ислам: «Алматы мен Астанада бокс кешін өткізу ойым бар»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «Ақ Жайық» басылымына сұхбат берді.

- Қанат аға, келесі жекпе-жегіңіз қашан өтеді?

-26-шы желтоқсан күні, Головкиннен ұтылған колумбиялық боксшымен Қытайда кездесуім керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты бұл жекпе-жек кейінге шегерілді. Мүмкін, бұл кездесу Алматы мен Астанада өтеді. Осы аптада нақты шешімге келеміз деген ойдамын.

- Қазақстанда кәсіпқой бокс кешін өткізу қаншалықты мүмкін деп ойлайсыз?

- Қазіргі таңда, елімізде спорт жақсы дамып келеді. Атырау облысының өзінде бір жыл ішінде бокстан халықаралық үш турнир өткізілді. Сондықтан, өз елімде кәсіпқой бокс кешін өткізу жоспарда бар.

- Жақында ғана сіз Флойд Мэйвезердің менеджері Эл Хэймонмен келісімшартқа отырдыңыз. Бұл жайлы айтып берсеңіз...

- Нельсон Лопес менің промоутерім болып қала бермек. Ал Эл Хэмон - менің менеджерім. Қазірде Showtime арнасында менің жекпе-жектерімді көрсету жайлы келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

- Сіздің жеңістеріңіз жайлы тек ғаламтордан ғана оқып, көреміз. Қазақстандық арналар сіздің кездесулеріңізді қашан көрсете бастайды?

- Бәріне уақыт керек. Жаңа келісімшартқа сәйкес менің жекпе-жектерімді Showtime арнасы таратады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или