Теннис. Янник Синнер үлкен атағынан айырылды
Laureus World Sports Academy баспасөз қызметі оның төрағасы Шон Фицпатриктің әлемнің нөмірі бірінші теннисшісі саналатын италиялық теннисші Янник Синнердің допинг дауына қатысты мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарияланған мәтінде ұйым теннисшіні «Жыл спортшысы» атағынан айырғаны айтылған.
«Лауреус Академиясындағы талқылаулардан кейін Янник Синнердің биылғы «Жыл спортшысы» номинациясын қайтарып алу туралы шешім қабылданды. Біз осы істе тиісті халықаралық органдардың шешімдерін ұстандық және жеңілдететін мән-жайларды ескерсек, үш айға тыйым салу кандидатураны қабылдауға болмайды деп есептейміз, - делінген хабарламада.
Еске салайық, өткен көктемде италиялық спортшының қанынан клостебол табылған болатын. Осы жылдың ақпан айында Янник үш айға дисквалификацияланды.