Қазақстандық боксшы қытайлық қарсыласын ұтып жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы қытайлық қарсыласын ұтып жартылай финалға шықты

Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогінің» төртінші жарыс күнінде тағы бір қазақстандық боксшы қытайлық қарсыласын ұтып жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сідтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, 54 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Тимур Қабдеш ширек финалда қытайлық Ма Шин Минмен қолғап түйістіріп, қарсыласын жүлдесіз қалдырды. Осылайша отандасымыз Қазақстан ерлер құрамасынан жартылай финалға шыққан 10-шы боксшы болды.

Тимур қарсыласын 4:1 есебімен қапы қалдырды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Ерасыл Жақпеков жартылай финалға жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или