Жас қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов (ATP рейтингінде 1036-орында) Монастирде өтіп жатқан ITF санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші айналымда Омарханов италиялық Лука Констаньоланы (ATP рейтингі бойынша 738-орын) 7:5, 6:2 есебімен жеңді.
Ширек финалда ол франциялық Шарль Бертимонмен (ATP рейтингінде 1343-орын) немесе турнирдің бірінші ракеткасы, германиялық Том Гентцпен (ATP рейтингі бойынша 472-орын) кездеседі.
Матч ертең, 28 ақпанда, күннің екінші жартысында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или