Странджа-2025: Ерасыл Жақпеков жартылай финалға шықты

Странджа-2025: Ерасыл Жақпеков жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Ерасыл Жақпеков Софияда (Болгария) өтіп жатқан «Странджа-2025» кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Жақпеков ширек финалда ирландиялық Джеймс Уэланмен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

1/8 финалда ол пәкістандық Икбал Умаисты бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жеткен еді.

Ирландиялық спортшыжан басым түскенінің арқасында Жақпеков кем дегенде турнирдің қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или