Мейірім Нұрсұлтанов чемпиондық титулға ресми үміткер атанды

Мейірім Нұрсұлтанов чемпиондық титулға ресми үміткер атанды

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына ресми үміткер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сідтеме жасап.

Америкалық Supreme Boxing басылымының хабарлауынша, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы доминиканалық Карлос Адаместың (24-1, 18 КО) міндетті қарсыласы ретінде Мейірім Нұрсұлтановты белгіледі.

Айта кетерлігі, Мейірім Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы қарашада Ташкентте (Өзбекстан) өткізіп, чилилік боксшы Хулио Аламоспен (16-1-1, 9 КО) 12 раунд бокстасып, төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Карлос Адамес алдыңғы аптада Сауд Арабияда өткен бокс кешінде ұлыбританиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17КО) тең түсіп, чемпиондық белдігін сақтап қалды.

Еске сала кетсек, екі боксшы арасындағы жекпе-жек өткен жылы өту керек болған еді. Алайда, Карлос Адамес америкалық Террелл Гушемен (21-4-1, 12КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімі бойынша жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или