«Тұран» жартылай қорғаушымен келісімшатқа отырды
«Тұран» қазақстандық жартылай қорғаушы Абинұр Нұрымбетпен келісімшартқа отырғанын ресми хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ресми: Абинұр Нұрымбет – «Тұран» ойыншысы!
Командамызға Қазақстан U21 құрамасының ойыншысы, Тараз футболының түлегі Абинұр Нұрымбет келді.
Абинұр «Тараз», «Ұлытау», «Энергетик БГУ» және Беларусьтің «Гомель», Өзбекстанның «Андижан» сияқты командаларда өнер көрсетті.
20 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымда «Андижан» сапында Өзбекстан кубогын жеңіп алды», - деп жазды Түркістандық команда Instagram парақшасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или