Қазақстандық боксшының әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жегі ресми белгіленді
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы Доминикандық чемпион Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) титулды міндетті қорғауды ресми бұйырды, деп жазады Prosports.kz.
ESPN журналисі және инсайдер Сальвадор Родригестің айтуынша, Адаместің міндетті қарсыласы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) болады. Олардың жекпе-жегінің өтетін күні әлі жарияланған жоқ.
Айта кетейік, 22 ақпанда Карлос Адамес британиялық Хамза Ширазбен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жекте тең түсіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Жекпе-жек алдында да WBC жеңімпаз Нұрсұлтановпен жұдырықтасуы керек деп шешкен. Қазақстандық боксшы қазір WBC рейтингінде үшінші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или