Ағайынды Сабырхандар кәсіпқой бокста бақ сынамақ
5-сәуір күні Астанада қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық спортшы Анаэль Нгамиссинг жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін белгілі болғандай, осы кештің аясында ағайынды, ұлттық құраманың белді боксшылары Махмұд және Төрехан Сабырхандар да жұдырықтасады. Боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған.
Сондай-ақ бұған дейін хабарлағандай, бокс кешінде Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та өнер көрсетеді. Олардың қарсыласы анықталып қойған.
Спорт журналисі Уалихан Қосанбай аталған кеште өзбекстандық, екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Жалолов та өнер көрсетуі мүмкін деген ақпарат таратты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или