2024 жылы ең көп табыс тапқан спортшылардың үздік ондығына екі боксшы енді

2024 жылы ең көп табыс тапқан спортшылардың үздік ондығына екі боксшы енді


Ауыр салмақта WBC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри мен украиналық экс-абсолютті әлем чемпионы Александр Усик 2024 жылдың ең көп табыс тапқан спортшыларының үздік ондығына енді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы MMA.Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.

Рейтингті Sky Sports басылымы жариялады. Дереккөз мәліметінше, Фьюри 2024 жылы шамамен 146,1 миллион доллар табыс тапқан. Ал Усиктің кірісі – 120,9 миллион доллар.

Еске сала кетейік, өткен жылы Усик пен Фьюри екі мәрте рингте жолыққан. Бірінші жекпе-жекте украиналық боксшы төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетсе, қарымта кездесуде бірауыздан қабылданған шешіммен басым түсті.

Усиктің кәсіби мансабындағы көрсеткіші – 23 жеңіс (14 нокаут) және бірде-бір жеңіліс жоқ. Ал Фьюридің есебінде 34 жеңіс (24 нокаут), екі жеңіліс және бір тең нәтиже бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или