Флойд Мейвезер үздік боксшыны атады
Pound-for-pound рейтингіндегі әлемнің ең үздік боксшысы туралы пікірталастар әрдайым қызу талқыланады. Жеңілмеген Флойд Мейвезер (50-0-0, 27 КО) бұл мәртебеге кім лайық екенін атап өтті.
Көпшілікті таңғалдырғаны – аты аңызға айналған америкалықтың таңдауы жақында Тайсон Фьюримен (34-2-1, 24 КО) реваншта жеңіске жеткен ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Александр Усикке (23-0, 14 КО) түспеген. Сондай-ақ, жартылай ауыр салмақта Артур Бетербиевті (21-1, 20 КО) ұтып, абсолютті чемпион атанған Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) да бұл тізімнің басынан табылмады.
“Менің ойымша, қазіргі таңда әлемдегі ең мықты боксшы – Теренс Кроуфорд. Оның ринктегі шеберлігі керемет, әрі тамаша отбасы бар. Әркімнің өз пікірін айтуға құқығы бар”, – деді Мейвезер “Brian Mazique” YouTube арнасына берген сұхбатында.